Қазболат Құрмашев дзюдодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері атанды
2 Ақпан 2023

Қазболат Құрмашев дзюдодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері атанды

Оралда апатты үйдің тұрғындарына баспана берілді
1 Ақпан 2023

Оралда апатты үйдің тұрғындарына баспана берілді

Соғыс және еңбек ардагері Иван Степанович Гапич 100 жасқа толды
1 Ақпан 2023

Соғыс және еңбек ардагері Иван Степанович Гапич 100 жасқа толды

Оралдағы №28 мектепте өрт шықты
31 Қаңтар 2023

Оралдағы №28 мектепте өрт шықты

Оралда демалыс базасына сырғанауға барған 17 жасар қыз ауыр жарақат алды
30 Қаңтар 2023

Оралда демалыс базасына сырғанауға барған 17 жасар қыз ауыр жарақат алды

Өзекті мәселелер – өңір  басшысының назарында
24 Қаңтар 2023

Өзекті мәселелер – өңір  басшысының назарында

Нарыннан көшкен ел қасіреті

Бүгін Жаңақала ауданы әкімі аппаратының кіші мәжіліс залында Бөкей ордасы мен Жаңақала аумағына әскери алаң орнату үшін Нарын жерінен халықты басқа аймақтарға еріксіз көшірген оқиғаға 70 жыл толуына орай конференция өтіп, экспедиция ұйымдастырылды.

IMG-20220928-WA0088

Экспедиция Казталов ауданының Қараоба ауылы, Жәнібек ауданы, Бөкей ордасы ауданының Бисен, Сайқын ауылы және Жаңақала аудандарын қамтыды. Орда және Жаңақала аудандарының тұрғындары үшін 1952 жыл қасіретті жыл болып халық есінде қалды.

IMG-20220928-WA0090

Мінекей зұлмат болып тиген бұл оқиғаның өткеніне де биыл 70 жыл толып отыр. Осы оқиғаға байланысты БҚО Ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен экспедиция мен конференцияның басы-қасында жүрген облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары, Орталық кеңестің президиум мүшесі Әлімгерей Ғаббасов, «Нарын қасіреті» қоғамдық қорының төрағасы Хайролла Сабиров және ауданымыздың ардагерлері А.Ғайнеденұлы, Ш.Ишанғалиұлы,  С.Баткенұлы, Ғ.Қарағойшыұлы, М.Шапихұлы, №3 ЖОББ мектебінің директоры Ә.Декартұлы, аудандық архив директоры Г.Өтеуқызы, аудандық «Жаңарған өңір» газетінің бас редакторы З.Қайырғалиқызы, аудандық Д.Нұрпейісова атындағы музейдің меңгерушісі С.Талғатқызы қатысты.

IMG-20220928-WA0089

Бұл шараның негізгі мақсаты – әскери полигон кезінде 1952-1953 жылдары көшкен колхоздарды анықтап, көз көрген куәгерлерден сұхбат алу, «Нарын қасіреті» атты ескерткіш-компазиция ашу, С.Б.Боранбаеваның «Капустин-Яр. Қазақ депортациясы» кітабының тұсаукесерін өткізу. Конференция барысында Ә.Ғаббасов қасіретті 1952 жылы туған жерінен қуылып, басқа облыс, ауданға тентіреп кеткен халықтың көз жасы елеусіз қалып, орны сынақ алаңына айналғанын айтып, бұл оқиғаның ұмыт болып қалмай, зерттелеуі керек екенін жеткізді. Ал Х.Сабиров зұлмат жылдары еріксіз елін тастап көшкен халықтың көрген қиыншылықтарын айтып, оларды іздестіріп, қай аймаққа көшкенін анықтау жолдарын ортаға салып, бірлесіп жұмыс жасауға шақырды.

Ардагер Сансызбай Мурзашев халықтың басына түскен қиын уақыт туралы көнекөз қариялардан естіген-білгенін жеткізсе, Алихан Досмұхамбетов анасының естелігі бойынша нағашы жұртының басынан өткен деректерімен бөлісті.

Нұргүл Елтайқызы,

Жаңақала ауданы 

zhaikpress.kz 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале