23.03.2021, 21:10
Оқылды: 75

Наурыз мерекесіне арналған онкүндік

Ақжайық аграрлық техникалық колледжінде Көрісу күнінен бастап Наурыз мерекесіне арналған онкүндік шеру тартты.

IMG-20210317-WA0029

Көрісу күнінің ерекшелігімен таныстыру мақсатында «Дәстүріміз тозбасын» тақырыбында дөңгелек үстелден бастау алған онкүндік қатаң санитарлық талаптарды сақтай отырып, ұстаздар мен І курс студенттері арасында «Көрісумен қауышу» атты мерекелік шеруімен, ұлттық салт-дәстүрлерімізге шолу ретінде ұсынылған кітап көрмесімен жалғасты.

Сонымен қатар заманауи үлгіде тігілген ұлттық киімдерді насихаттау мақсатында «Ұлттық киім – ұрпаққа мұра» тақырыбымен апта бойы киім тігуден дәріс берілді.

20210323_210659

Әркез қайырымды істердің қасынан табылатын колледж ұжымы игі үрдістен ажырамады. Ер азаматтар колледж ардагерінің ауласын қардан тазалап берсе, ұстаздар мұқтаж бір отбасыға өздерінің қаражаттарынан қайырымдылық көмек көрсетті.

20210323_210642

Онкүндіктің мазмұны «Ұлттық ойын-қазынам» атты оқушылар арасындағы мерекелік спорт сайысы, «Ұшқыр ой мен шешен тіл» атты зияткерлік жарысымен толыға түсті.

Әсем ЕСБЕК,
Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале