Бүгінгі республикалық референдумда қазақстандықтар ҚР Конституциясының жаңа мәтініне қатысты өз пікірін білдіруде. Ата Заң – мемлекеттің құқықтық негізін айқындайтын, ұлттың тарихи жады мен болашақ өркениеті тоғысқан басты құжат.

Сырым ауданындағы референдум учаскелерінде саяси “ауа - райымен” бірге төл колорит те айқын байқалады. Учаскелерде комиссия мүшелері ұлттық нақыштағы киім үлгісін таңдаған. Қазақы оюмен зерленген кәжекей киген ханымдар мен кеудеше киген азаматтардың бейнесінен Наурыздың әсем лебі сезіледі.

Ал Жымпиты ауылдық округіндегі №291 учаскелік референдум комиссиясының мүшелері бұл айтулы күнге арнайы ұлттық стильдегі бірыңғай киім үлгісін тіктірген. Көрер көзге көркем екен! Міне, тарихи күнге деген құрмет.
Осындай құрметті #290 учаскеден де байқадық.
2026 жылдың көктемі тек табиғаттың ғана емес, Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінің де жаңаруымен сабақтасып тұрғандай.
Бауыржан Ширмединұлы
Сырым ауданы