Сырым ауданы әкімінің орынбасары Серік Тоқмамбетов аудандағы сала өкілдерімен кездесуде. Кеше әкімдік залындағы жиында жастар мәселесі негізгі тақырыпқа айналды.

Сырым аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Қайсар Халит жастар саясатының жүзеге асуы туралы баяндады. Айтуынша, ауданда 4462 жас бар. Олардың ішінде 116 жеке кәсіпкер бар. Бұл - қуатты күш.
Бүгінгі таңда орталық жастарға еңбек адамдарын үлгі ету бағытында медиажобаларды іске асыруда. ҚР Президенті Қасым - Жомарт Тоқаев “Жұмысшы мамандықтар жылын” жариялаудағы мақсаттың бірі - жастар үшін жаңа идеалдар белгілеу.
Иә, еңбек адамын құрметтеген жақсы. Бірақ, сол еңбекті өзі етпей, күректі өздері қолға ұстамай жастар маңдай тердің қадірін түсіне ме?! Биыл Жымпиты ауылында бірқатар құрылыс жобалары жүзеге асады. Біздіңше ауданнан жастар құрылыс жасақтарын жасақтап, оларға қызмет етіп, табыс табуға мүмкіндік беру керек. Еңбек тәртібінің сақталуы мен қауіпсіздік мәселесін ұмытуға болмайды.
Серік Тоқмамбетов жастар саясаты саласы басшыларына, Жымпиты ауылдық округінің әкімдігіне жаз айларында жастардың бос уақытын тиімді өткізу бағытында жұмыстарды тапсырды.
Бауыржан Ширмединұлы,
Сырым ауданы