5.05.2022, 21:44
Оқылды: 44

Ниет болса қолдау бар

Подстепный ауылындағы мәдениет үйінде Теректі ауданы әкімі Тілек Габдушев ауылдық округтің іскер әйелдер қауымымен кездесті. Аталмыш жиынға бөлім басшылары мен округ тұрғындары да қатысты.

IMG-20220505-WA0136

Басқосуға Теректі аудандық іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Жаңылсын Хузурғалиқызы қатысты.  Алдымен, аудан әкімі Тілек Александрұлы арнайы дайындалған көрмені тамашалап, қолы шебер, арнайы іс ашуға икемі бар нәзік жандылармен пікір алмасты. Көрмеге өз қолынан шыққан дүниелерін, кондитерлік тағамдарды, ұлттық нақыштағы киім үлгілерін әкелген қолы алтын Анаргүл Жанаева, Арайлым Ғұмарова, Жанат Хамитова, Салтанат Бекешева және Жәмилә Өтепқалиеваның талантына мен ынтасына аудан басшысы жоғары баға берді.

IMG-20220505-WA0134

- Аудандағы іскер әйелдер кеңесінің жұмысы жүйелі түрде жүруі тиіс. Халықаралық әйелдер мерекесінде Теректі ауылында ауданның барлық іскер әйелдері бас қоссақ, енді әр округпен жеке-жеке кездесеміз. Сіздердің ойларыңызды білу, мемлекеттік бағдарламалар мен несиелерге қол жеткізу жолдары, гранттарды ұтып алу, жаңа жобалар мен идеяларды талқылау аса маңызды. Іскер әйелдер кеңесі тек әкімді күтпей, өзара кездесіп, өзара пікір алмасуы қажет. Бастысы, адамның бойындағы ниет. Ниет болса жетістікке қол жеткізуге болады,- деді Тілек Александрұлы.

IMG-20220505-WA0137

Басқосу аясында Жәмилә Өтепқалиева ұлттық нақышта киім тігудің маңыздылығы,  өз ісін жетілдіруде кездесетін қиындықтар туралы сөз қозғады.

IMG-20220505-WA0135

Сонымен қатар, ауыл тұрғыны Мөлдір Ізғалиева Подстепныйда балаларға арналған спорттық үйірмелер ашу мәселесін көтерді. Іскер әйелдер мемлекеттік бағдарламалар, төмен пайызбен несие алу арқылы кәсібін кеңейту секілді жайттардан да хабардар болды.

Әділет Әлібек,

Теректі ауданы 

zhaikpress.kz 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале