3.07.2021, 9:51
Оқылды: 80

Нотариаттық құжаттарға QR-код беріледі

1 шілдеден бастап елімізде нотариаттық құжаттарға жеке QR-код беріле бастады. Естеріңізге салсақ, Мемлекет басшысы 15.02.2021 жылы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне нотариат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 5-VII ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңына қол қойған болатын. Сол заңның кейбір ережелері ағымдағы жылдың 1 шілдесінде күшіне енді.

 1

Енді әрбір нотариаттық іс-әрекетке QR-код беріледі, ол электронды тізілім арқылы автоматты түрде беріледі және бірегей болып саналады. Бұл өз кезегінде жалған құжаттар жасаудан қорғауды қамтамасыз етеді. Мысалы, егер бұрын сенімхаттың түпнұсқалығын тексеру нотариусқа жүгіну арқылы жүзеге асырылса, енді оны QR-код бойынша смартфондағы қосымшаның көмегімен немесе құжаттың сандық коды бойынша enis.kz сайтында тексеруге болады.

Халыққа ыңғайлы болу үшін электрондық құжаттың қағаз құжатқа тең екендігін куәландыру және керісінше, қағаз құжаттың электрондық құжатқа тең екендігін куәландыру бойынша нотариаттық іс-әрекеттер енгізілді, бұл азаматтарға қажетсіз жол жүруден, поштамен немесе поезд,ұшақ арқылы жіберуден құтылуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, бұрын жылжымайтын мүлікке қатысты жасалатын мәмілелер мүліктің орналасқан мекен-жайы бойынша нотариуста куәландырылған болса, енді тараптар оның орналасқан жеріне қарамастан еліміздің кез келген нотариусына жүгіне алады. Әрине, екі тарап бір мезетте сол жерде болуы керек.

Жадыра Умралиева, 

БҚО нотариаттық аумағы

Ақжайық ауданының нотариусы

Сурет azh.kz сайтынан алынды

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале