Сырым аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Нұртілеу Болат Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты бағдарламалық мақаласын жастардың арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткен «Қазақстан жастарының «Алтын кітабы» атты республикалық байқауына қатысып, жеңімпаз атанды.
Сондай-ақ ол республикалық «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының атынан еліміздегі жастар саясатының дамуына қосқан үлесі және қоғамдық іс-шараларға белсене қатыса білгені үшін Қазақстан Республикасы жастарының «Алтын төсбелгісімен» марапатталып, куәлікке ие болды.
Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Досжан Тайшиев Нұр-Сұлтаннан арнайы жеткен марапатты жастар коворкинг орталығына барып, салтанатты түрде табыс етті.
- Аталмыш байқауға аудан жастарымен бірлесе атқарған жұмыстарымыздың нәтижесін, портфолио түрінде жинақтап, жолдаған едік. Еңбек те, жеңіс те ортақ. Аудан жастарымен бірлесе атқарар жұмыс әлі алда,- дейді Нұртілеу Жеңісұлы.
Айжан Амангелдина,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz