22.01.2025, 10:30
Оқылды: 33

Нұрболат (Nokontai): «Киноға түскім келеді»

Нұрболат Бимағамбетов шығармашылық адамы. Қай кезде де игі істердің басы-қасында жүретін белсенді жастарымыздың бірі. Оны біздің Бөрлі ауданының тұрғындарынан басқа да көп адам Nokontai деген атпен таниды.  Өйткені ол мектеп қабырғасынан бастап мәдениет үйіндегі драма үйірмесіне қатысты, мерекелік кештерде көркемсөз оқыды, кейіннен аудандық демалу орталығынының жанынан ашылған «Мұрагер» театрының қатысып, түрлі рольдерде ойнады.

WhatsApp Image 2025-01-22 at 11.29.27

Сөйтіп театрдың белді мүшесіне айналды. Ал «Мұрагер» театры біздің Батыс Қазақстандағы ең танымал театрлардың бірі. Олар театр маусымдарында ауыл, аудандарды аралап, түрлі қойылымдар қояды. Тұрғындар  көңілінен шыққан осындай әдемі кештерде тамаша қойылыммен бірге Нұрболат бастаған актерлердің сомдаған образдары да көрермендердің есінде қалары хақ.

WhatsApp Image 2025-01-22 at 11.30.47

Нұрболаттың мамандығы режиссёр. Оралдан бітірген. Махамбет Өтемісұлы атындағы мемлекеттік университетті. Және қызыл диплом иегері. Талай өнер адамдарына арман болған Т.Жүргенов атындағы өнер академиясында академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 6 ай білім алып, өнердің өз ортасында, қайнаған шығармашылық әлемді өз көзімен көріп, әйгілі актерлермен қоян-қолтық араласып келгенін мақтан етеді.

WhatsApp Image 2025-01-22 at 11.30.05

Алматы сахналарын, атақты «Қазақфильмде» болғаны өмірімнің жарқын беттері деп біледі. Дегенмен, жас актер өзі қызмет ететін Мұрагер театры, оның бас режиссері Әсел Нағымқызы туралы жылы лебіз білдіруді де ұмытқан жоқ. Айтуынша, осы топта жүріп көп үйренген. Қазір жұрттың бәрі айтып жүрген бала кездегі травма менде де болды дейді жас актер. Ол мұғалімнің алдында қысылып қалу, сасып қалу. Білгенін жеткізе алмау немесе тарс ұмытып қалу. Мектепте оқып жүргенде ұстазы Анаргүл Елдосқызы көркемсөз оқуға баулығанын айтады. Сөйтіп осынау әдеттен көркемсөз оқу сайыстарына қатыса жүріп арылыпты. Сонымен бірге түрлі шараларға қатыстырып, бойындағы қабілетінің ашылуына ықпал еткен кітапханалаларда өткен түрлі шаралар екенін де айтып өтті.

WhatsApp Image 2025-01-22 at 11.32.06

«Мен оқушы кезімнен сахнада жүргендіктен көбісі мені бала кезімнен сахнаға баулып өскен бала деп ойлайды. Бірақ мені үйдегілер механик болуға немесе электрик болуға итермелегенін ешкім білмейді. Мен орысшам шамалы, жаңағы талған мамандыққа оқу үшін орысша жақсы білу керек деп құтылдым»- деп әзілдейді бізбен әңгімесінде Нұрболат.

«Армансыз адам болмайды» демекші, адамда арман көп болады ғой. Әсіресе жас адамда. «Менің арманың көп шығар» деген сұрағыма Нұрболат бір ақ арманы бар екенін айтты. Ол киноға түсу және кино түсіру екен. Алдағы жылдардағы жооспарлары да осы бағытта болып шықты. «Ақсай қаласында өзім қолға алып Актерлік шеберхана ашу.  Мамандар шақырып, сахна тілі,  сахна қозғалысы және вокал мен  би сабағын қосып мектеп оқушыларына сабақ беру. Кино түсіру. Және сол киноны өзіміздің Ақсайдың кино театрларынан көрсетсек. Соңғы шыққан киноларды көріп, осындай киноларды өзіміз де түсіре алатынымызға талай рет көзім жетті. Қазіргі  жастарға актер болу үшін, немесе басқа да жетістіктерге жету үшін  міндетті түрде Алматы, Астана қалаларына  барып арман қуудын қажеті жоқ екенін жеткізгім келеді. Өз қалаңда да, өз туған жеріңде де жетістікке жетуге болатынын дәлелдегім келеді. Бұл бір жағынан менің туған жерге деген, өсіп-өнеген жеріме деген патриоттық сезімім болса, екінші жағынан табысты болу үшін қай жерде жүргенің маңызды емес. Бастысы адал еңбек. «Еңбек - бәрін жеңбек» деген сөз бар.  Еңбек ете білген адам ғана табысқа жетеді». Бұл жас актер Нұрболаттың сөздері. Аудан орталығында тұратын актер үшін қиындау, бірақ әдемі арман иә.

WhatsApp Image 2025-01-22 at 11.31.27

Жас актер Нұрболат  Nokontai-мен арадағы жедел-сұрақ-жауап былайша өрбіді:

 Бала кезіңнен не қызықтырды?

 -Кино әлемі мені қатты қызықтыратын.

Кітап оқисың ба?

- Жоқ.

 Қалай сонда? Режиссерлық шығармашылық мамандық. Ал кітап оқымасаң..

- Оқығанда..шыны керек, кітап оқуға жоқ едім. Мектепте қазақ әдебиеті сабағындағы біліммен шектелдік. Үйірмелерде көркемсөз жаттадық дегендей. Кейін таңдаған мамандығыма байланысты пьессалар оқитын болдым. Енді көркем әдебиет оқу керек шығар деп ойлап жүрмін.

Газет-журнал, жергілікті басылымдарды ше ?

- Тиіп-қашып дегендей. Қазіргі жастардың бәрі солай екенін білесіз. Мен де солардың бірімін.

 Н. Қоянбаевтың киноларын ұнатасың ба?

- Бәрін емес. Соңғы шыққан «Қазақ елі» ұнады.

Қазір де театрда жүрсің. Ойлаған істеріңді жүзеге асыруға не кедергі? Немесе жеке театр ашуға ұмтылу себебі неде?

- Жекенің аты жеке. Онда шығармашылық еркіндік болады.

Соңғы кезде әлеуметтік желіден, жарнамалардан Nokonai деген атпен  көп көреміз сені?

- Әлеуметтік желі қосымша табыс көзі. Сонымен бірге жарнамаға түсіру барысында актерлік шеберлігің де шыңдала түсетіні жасырын емес. Жарнамаға түсудің көмегі көп.

Өкінішің бар ма?

- Бар. Мектепте жүргенде үздік оқушы болмадым. Бірер шумақты ғана жаттап алатынмын. Қазір болса 30-40 бет мәтін жаттап алып, еркін айта беремін. Сол қабілетімді кезінде ұстаздарыма көрсете алмағаныма өкінетінім бар.

Сеніңше, қазақ жігіті, қазақ жастары қандай болу керек деп ойлайсың?

-  Қадыр атамыз айтып кеткендей, ең мықты ескерткіш артыңда қалған еңбегің. Сондықтан кім-кімде артында үлкен еңбек қалдыруға ұмтылу керек шығар.

 

Дариға Нұрашова,

Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале