Бүгін Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Ғ.Құрманғалиев атындағы аудандық мәдениет үйінде аудан тұрғындармен кездесіп, округтің әлеуметтік-экономикалық дамуы турасында аудан әкімінің баяндамасын тыңдап, жергілікті халықтың ұсыныс пікірін тыңдады.
Кездесуде аудан әкімі Қ.Сүйеуғалиев ауданда атқарылған жұмыстар және алдағы жоспарлар туралы баяндама жасады.
Аудан басшысының айтуынша, Аудан экономикасының негізгі саласы – ауыл шаруашылығы. Жалпы аудан бойынша қазіргі таңда ауыл шаруашылығы саласында 410 шаруа қожалық, 7 жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және 11 өндіріс кооперативі агроөнеркәсіптік кешенін дамыту бағытында қызмет атқаруда.
2024 жылдың 1 тамызына аудандағы мүйізді ірі қара – 57206 басты (45179 бас, 127%), қой мен ешкі 106 104 басты (99468 бас,107%), жылқы – 14924 бас (13177 бас, 113,3%), түйе – 19 басты (19 бас, 100%), құс саны 5439 (6451 бас, 84%) құрады.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 4,4 млрд. теңгені құрап отыр. Бүгінгі таңда аудан бойынша 54 шаруашылық асыл тұқымды 8038 бас МІҚ (6035) малын, 3 шаруашылық 140 бас асыл тұқымды жылқы, 9 шаруашылық 2257 бас асыл тұқымды қой малын өсірумен айналысады. Анық: 6278 – Қазақтың ақбас сиыры, 758-Абердин ангус, 784 – герефорд, 165 –Сименталь, 48- Красная степная, 5-черно-пестрая.
Ауданымыз бойынша барлығы 840 га жерге арпа, сұлы, бір жылдық екпе шөптер егілді.
Ауылдық округтерде 2024 жылы аудан бойынша 11,0 га жерге ұжымдық бақша егілді. Оның ішінде: картоп-4,0 га, қауын-қарбыз-4,3 га, бақшалық дақылдар 2,7 га.
Ұжымдық бақша ауданның Қаратөбе, Жусандой, Сулыкөл, Қоскөл, Егіндікөл, Қаракөл ауылдық округтерінде жақсы жүзеге асырылуда. Бүгінгі таңда көкөніс, бақша өнімдері қол жетімді бағада ауыл тұрғындарына сатуға шығарылуда.
Бұның сыртында ауданның жеке кәсіпкерлері мен ауыл тұрғындары далалық жерден 19 гектарға бақшалық дақылдары егілді.
– Ағымдағы жылдың 5 сәуір күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ауданымызға арнайы жұмыс сапарымен келіп, Қ.Жұмалиев атындағы мектеп-гимназиясында орналасқан эвакуациялық пунктіндегі Қоржын ауылының тұрғындарымен кездесіп, өтініш –тілектерін тыңдады. Кездесуде Қоржын ауылы тұрғындары Мемлекет басшысына баспана салып беру және Жақсыбай (48,15 м), Қалдығайты (79,2 м) өзендеріне көпір салу мәселесін көтерді.
Бүгінгі таңда аталған 2 өзенге көпір салу бойынша облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы арқылы жалпы құны 185,8 млн теңгеге ЖСҚ жасақталуда. (Жақсыбай – 92,1, Қалдығайты 93,7 млн теңге) Жобалаушы: «ТЕКА-Проект» ЖШС шамамен жоба құны – Жақсыбай өзеніне салынатын көпір – 1,5 млрд теңге, Қалдығайты өзеніне салынатын көпір – 3,0 млрд теңге.
Бүгінгі таңда ауданымызда көктемгі су тасқынының салдарын қалпына келтіру жұмыстары мәресіне жетуде. Аудан бойынша су тасқыны салдары нәтижесінде 103 тұрғын үй зардап шексе, суға кеткен тұрғын үйлерге жүргізілген техникалық тексеру қорытындысына сәйкес 90 үй жарамсыз деп танылды. Бүгінгі күні 90 үйдің құрылысы аяқталып, 3 қыркүйек күні тұрғындарға табысталды.
Тұрғын үй құрылысына қажетті қаражат «Ақжайық» қоры арқылы 2,8 млрд теңге бөлініп,6 мердігер құрылыс жұмыстарын жүргізді.
Көктемгі су тасқыны кезінде аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының 8 жерінде жырып кетуі, 14 жерінен судың шайып кету фактісі орын алды. Сондай ақ, Қалдығайты өзенінде орналасқан 102-шақырымындағы су өткізетін дамба бұзылып, көлік қатынасы 18 сәуір күні қалыпқа келтірілді. Жол жөндеу жұмыстарына жауапты мердігер «Орал жолдары» ЖШС-не облыс тарапынан «Қазавтожол» ұлттық компаниясынан жалпы 14 бірлік техника қатынасты. (9 жүк көлігі, 4 тиегіш, 1 автогрейдер).
Алдағы көктемгі су тасқынына дайындық негізінде Қоржын ауылындағы қорғаныс бөгеттерін қалпына келтіру бойынша ЖСҚ жасақталып, тиісті жұмыстар жүргізілуде. Жоба құны 150,6 млн теңге, - деді аудан әкімі Қадыржан Орынбасарұлы.
Аудан әкімі ауданның тыныс-тіршілігімен таныстырған соң сөз алған облыс басшысы Н.Төреғалиев өңіріміз жалпы мал шаруашылығымен айналысатындығын, соның ішінде Қаратөбе ауданы атакәсіпті қарқынды дамытып келе жатырғанына тоқталды.
Кездесуде ауыл тұрғындары Сулыкөл, Жусандыой, Егіндікөл ауылдық округтерін жалғайтын жолдарға асфальт тарту, тозығы жеткен электр бағаналарын ауыстыру, аудан аумағын көгалдандыру, жастарға қолдау көрсету, үй алу көтерме жәрдем ақы беру, аудандық ауруханы қосымша жабдықтармен қамту, ауылдық округтерге қатынайтын жолдарды күтіп ұстау сынды мәселелер көтерді.
Округ тұрғындарының мәселелерін мұқият тыңдаған облыс басшысы Н.Төреғалиев жол салу мен электр желілерін жаңарту мәселелері бойынша өңірімізде жүргізіліп жатырған ауқымды жұмыстарға тоқталып өтті.
Кездесуге Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының төрағасы Мұрат Мұқаев және облыстық басқарма, мекеме басшылары және аудан тұрғындары қатысты.
Аудан халқымен кездесуден соң облыс әкімі Н.Төреғалиев жеке мәселелерімен жолыққан аудан тұрғындарына қабылдау жүргізді.
Р.Абай,
Қаратөбе ауданы