26.04.2018, 13:51
Оқылды: 53

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Соркөл жайылымына барды

IMG_0012Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Игорь Стексов жұмыс сапарымен Жәнібек ауданының Ақоба ауылдық округінде орналасқан Соркөл жайылымына барды. Ол бөгетке жиналған су мөлшерінің деңгейін көріп, көктемгі қар суының ауыл шаруашылығына маңызды екенін айтып өтті.

Аудан әкімі Азамат Сафималиев және «Қазсушар» РМК Жәнібек аудандық пайдалану учаскесінің басшысы Нұрлан Жүнісов облыс әкімінің бірінші орынбасарына Соркөл мен Әбділман жайылымдарының сызбасын көрсетіп, толыққанды мәлімет берді.

Әрмен қарай Игорь Валерьевич, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Берік Есенғалиев, облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Әлия Мұхамбетжанова, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы мал шаруашылығы бөлімінің басшысы Алмат Есболов, облыстық ветеринария басқармасыбөлім басшысының орынбасары Қазыбек Ташимовтер, облыстық мәслихат депутаты, «Әлем» шаруа қожалығының жетекшісі Ескендір Елемесовтің шаруа қожалығын аралап, төрт түлік малды асылдандыру, мал жайылымы жайында өздерінің ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Содан соң, Игорь Валерьевич бастаған жұмыс тобы Ақоба ауылындағы «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында тұрғын үйлерге су өткізу жұмысының жай-жапсарымен танысып, техникалық қауіпсіздікті сақтау, қызметтерін жауапкершілікпен атқару керектігін қадап тұрып айтты.

Г.ТӨРЕҒАЛИЕВА,

Жәнібек ауданы

IMG_0015 IMG_0046

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале