9.08.2018, 18:04
Оқылды: 28

Облыс әкімінің орынбасары - Зеленов ауданында

Облыс әкімінің орынбасары Б.Азбаев Зеленов ауданында болды.

Азбаев Зеленовта (5)

Іссапар барысында облыс әкімінің орынбасары аудандағы су нысандарына жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты.

Жұмыс сапарын Достық ауылынан бастаған Б.Азбаев алдымен аталмыш ауылдық округтегі ауыз су құбырын тарту жұмыстарымен танысты.

Достық ауылдық округінің әкімі Б.Аманғалиевтің сөзінше, «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша ауыз су құбырын тарту жұмысын «ҚАЗқұрылыссервис» ЖШС жүргізуде. Тартылатын су құбырының жалпы ұзындығы 38,9  шақырымды құрайды. Қазіргі таңда құрылысқа қажетті материалдар жеткізіліп, құрылыс жұмыстары басталған. Су құбырын тарту жұмысы келесі жылы толық аяқталмақ. Нәтижесінде Достық ауылының 4100 тұрғыны тұщы сумен қамтылатын болады.

Жыл аяғына дейін бөлінген қаржыны игеріп, жұмыстың жартысын аяқтауды уәде еткен мердігер тұлғаға облыс әкімінің орынбасары құрылыс қарқынын жеделдетуді тапсырды.

Одан соң облыс әкімінің орынбасары Трекин және Володар ауылдарына атбасын бұрып, қос ауылға қарай бет бұрған су тарту жұмысының барысына қанықты.

Облыс орталығымен іргелес орналасқан Трекин ауылдық округі ауданның халық көп шоғырланған округтерінің бірі. Бұл округке су құбырын жүргізу жұмыстары биыл басталды. Құрылыс жұмысын ҚАЗқұрылыссервис» ЖШС-і жүргізуде. Ұзындығы 53 шақырымды құрайтын су құбырын құрылысын аяқтау келесі жылға жоспарланған.

Володар ауылындағы су құбыры қалпына келтіру жұмыстарын «Алатау Альдан Агро» ЖШС жүргізуде.

Бұл ауылда жаңартылып жатқан су құбырының ұзындығы 19 шақырым. Аталған ауылға ауыз су құбырын тарту жұмыстары өткен жылы басталды.

Құрылыс нысанын жыл аяғына тапсыру жоспарланған. Құрылыс аймағында болған Б.Азбаев өткен жылы басталған құрылыс жұмысының өнімсіздігін сынға алды.

Облыс әкімі орынбасарының ауданға сапары бұдан кейін Дариян ауылдық округінде жалғасты. Халық саны күн санап өсіп келе жатқан Дариян ауылының солтүстік-батыс жағындағы 360 жер учаскесін электрмен және газбен жабдықтау жұмыстары биыл бастау алды. Құрылыс жұмыстарын қолға алған «Құрылысгаз» ЖШС жұмысты сапалы атқаруда. Участке бастығының айтуынша, электр жүйелерін тарту жұмыстары басталып кетті. Газ құбырын тарту жұмыстарына да материалдар дайын.

Құрылыс нысанында болып, атқарылып жатқан жұмыстарды өз көзімен көрген Бағдат Оразалыұлы мердігерге жұмысты мерзімінен бұрын тапсыруды ескертті.

 

Надежда ЕСЕТОВА,

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале