9.06.2022, 15:45
Оқылды: 65

Облыстық семинар Бөкейде өтті 

Бөкей ордасы ауданының Сайқын ауылындағы "Ертөстік" бөбекжайы базасында "Ойнаймыз жаңаша, ойлаймыз жаңаша" атты облыстық семинар-практикум өтті.

F39468B8-76D7-4489-B0EC-7572150E52BA
Семинар "Бәрін білгім келеді" интеллектуалдық дамыту зертханасы бағытындағы "Таным" эксперимент алаңында жүзеге асты.
Облыс орталығы мен облысымыздың әр түкпірінен арнайы келген балабақша меңгерушілері, әдіскерлері мен тәрбиешілерге аудандық білім бөлімінің басшысы Бисенбек Насимоллин қош келдіңіздер айтып, семинар жұмысына сәттілік тіледі.

2844CA8B-6B6C-40D1-852B-2F1F3F357DC8
Семинарды ұйымдастырушы "Ертөстік" бөбекжайы ұжымы ойнай отырып, ойлатудың түрлі әдіс-тәсілдерін паш етіп, қатысушылармен тың мәліметтерімен бөлісті.
Шара барысында бүлдіршінмен жұмыспен қатар ата-анамен байланыс та назардан тыс қалмады.
Екі күн өткен семинар барысында меймандар ауданның тарихи жерлерін аралап, хан Жәңгірдің мұрасымен, Бөкей елімен танысты.

Раушан Жанатқызы,
Бөкей ордасы ауданы

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале