Жуырда Бәйтерек ауданы Б. Момышұлы атындағы мектепте бастауыш сынып әдіскерлері мен мұғалімдеріне арналған облыстық семинар өтті. "STEM технологиясы арқылы оқушылардың зерттеушілік әрекеттерін дамыту" тақырыбымен өткен семинардың мақсаты - бастауыш сынып мұғалімдерін қолдау және кәсіби құзыреттілігін дамыту, біліктілігін көтеру, әдістемелік қолдау көрсету.
Семинарға аудандық білім беру ұйымдарының әдіскерлері мен бастауыш сынып мұғалімдері қатысып, тәжірибе алмасып, тың ақпараттармен өз қоржындарын толықтырды.
Бағдарламаға сәйкес Л.Жубанова, А.Журекенова, К.Абулхайрова, М.Утепбергенов сынды мұғалімдер STEM технологиясымен ашық сабақ көрсетіп, Lesson stady зерттеу сабағын қолға алды. Ж.Жубанова, А.Шалакашева және ПШО менеджері Г.Капанова іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар соңында аудан әдіскерлері мен мұғалімдер шығармашылық ізденістер мен жаңалығы мол тәжірибені насихаттап, жаңашылдық идеялардың тоғысуына мүмкіндік берген мектеп мұғалімдеріне керемет кері байланыс орнатты.
Гүлжиян Рамазанова,
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz