20.09.2024, 11:45
Оқылды: 78

Облыстық халықтық штаб өкілдері Шыңғырлауға барды

Шыңғырлау колледжінде БҚО халықтық штаб өкілдерімен өткен кездесуге тұрғындар көп жиналды. Сайлаушылармен кездесуге «AMANAT» партиясы БҚО филиалының атқарушы хатшысы, облыстық халықтық штабтың өкілі А.Сафималиев, «Байтақ» жасылдар партиясының БҚО бойынша филиалының төрағасы Б.Муштанов, Германиядағы Кеңес әскер тобы және Варшава келісімшарт тобы республикалық қоғамдық бірлестігінің БҚО бойынша филиалының төрағасы Ұ.Жақсылықов қатысты.

E510A7B7-8660-4375-8596-5B99C1C6433D

Жиында сөз алған Азамат Сафималыұлы:

– Бүгінде қолданыстағы көп дүние электр қуатымен байланысты. Барлық тұрмыстық техника, мобильді құрылғылар және интернет соның арқасында жұмыс істейді. 6 қазанда жасайтын таңдауымыз әрі қарайғы экономикалық өркендеуіміздің негізі болады. Бұл – жай ғана гаджеттер мен автомобильдерді қуаттау емес, болашақта баршамыздың игілігімізге жарайтын инновациялар мен технологиялық прогреске бет түзеген қуатты ел болуға жасалатын қадам. Біз күнделікті тұрмыста электр энергиясынан қуат алып келеміз, енді елімізге қуат берет дұрыс шешім қабылдайтын уақыт келді, - деп атап өтті. 

Жиынға қатысушылар өз пікірлерімен бөлісті. Кездесуге келген тұрғындар сұрақтарын қойып нақты жауап алды.

Ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Самиев:

«Мен Президенттің Жолдауда айтқан АЭС салу мәселесін толық қолдаймын. Пайдасы зор екенін түсініп, біліп отырмыз. Дамыған мемлекеттерде АЭС жұмыс жасап тұр, одан қорқатындай ештеңе жоқ», - деп пікірін білдірді. 

Осындай кездесу Шыңғырау жалпы орта білім беретін мектебінде де өтті.

Гүлназ Мұхан

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале