Қаратөбе аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Бақытжан Жүсіпқали округ әкіміне үміткерлер мен сенімді өкілдеріне куәлік табыстады.
Жиын барысында сайлау комиссиясының төрағасы Бақытжан Қайырқұлұлы округ әкіміне үміткерлер мен сенімді өкілдеріне үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу, сайлау барысы сайлау заңы аясында ұйымдастырылуы керек екенін түсіндіріп өтті.
Жауапты мамандардың айтуынша, Қаратөбе ауданы бойынша ауылдық округ әкімдерін сайлау жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Айта кетейік, 14 шілде күні сағат кешкі 18:00-де үміткерлер үгіт насихат жұмыстарын бастады. Бұл жұмыстар 24 шілде күні сағат түнгі 12.00-де аяқталады. Ал, сайлау 25 шілде күні өтеді.
25 шілдеде өтетін округ әкімдерінің сайлауында Қаратөбе ауданы бойынша Жусандыой, Сулыкөл, Аққозы ауылдық округтерінің әкімдері сайланады.
Еліміз бойынша алғаш өткізгелі отырған әкім сайлауының ерекшелігі халық өз таңдауын жасап, қалаған әкімдерін өздері сайлайды.
Маралбек Амантаев,
Қаратөбе ауданы
zhaikpress.kz