11.08.2023, 14:30
Оқылды: 6

Оқу құралдары қол жетімді бағада сатылды

 

Бүгін Жаңақала ауданындағы «Сәбен» шағынмаркетінің жанында Жаңақала кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімінің ұйымдастыруымен «Мектеп жәрмеңкесі» өтті.

b95d2388-1d7e-4765-90a7-e3c53125eb85 (1)

Жеке кәсіпкерлер Айнагүл Мерешова, Гүлайна Асқарқызы, «Кеңсе тауарлары» дүкенінен София Семгалиева, «Керемет» дүкенінен Әсет Салимов мектеп тауарларын ұсынды.

Жәрмеңкеде мектепке сөмке, дәптер мен қалам, киімдер және басқа да оқу құралдары қолжетімі бағада ұсынылды.

e998248a-3dcb-448b-a00a-12124cc59ef2 (1)

Жәрмеңкеге тұрғындар таңғы сағат 9-дан бастап келе бастады. Жасы да, үлкені де іздеген заттарын төмен бағада алғандарына риза болып, алғыс білдіріп жатты.

Жанна Миха,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале