22.09.2021, 17:19
Оқылды: 108

Оқу-жаттығу жиыны өтті

21-22 қыркүйек күндері Шыңғырлау ауданы орталығында «Жер – 2021» командалық-штабтық оқу-жаттығу өткізілді.

чс (1)

Оқу жаттығудың негізгі мақсаты – Алматы облысында жер сілкінісі қатері төнген және туындаған кезде ауданның азаматтық қорғау құрылымдарының дайындығын тексеру болып табылады. Осы мақсатта аудан аумағында тиісті сала мамандары мен арнайы техникалардың төтенше жағдай кезінде әрекет ете білуі пысықталды.

чсс (1)

Сағат 7:00-де «Апат – 999» сигналы түскеннен кейін басталған оқу-жаттығуға ауданымыздың барлық дерлік азаматтық қорғау құрылымдары алгоритмге сәйкес қатысты.

Аудандағы 11 азаматтық құрылым топтары тиісті дәрежеде өз қызметтерін көрсете білді.

Сонымен қатар, азаматтық қорғау құрылымдарынан басқа ерікті түрде қолдау білдерген Жарас» шаруа қожалығы мен «Наурзгалиев С.М.» жеке кәсіпкері оқу-жаттыуға өз үлестерін қосты.

 

Аман Ізмұхан,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале