2.05.2025, 17:45
Оқылды: 148

Оқушы қыз тәрбиесі – орасан жауапкершілік

Қыздарды не толғандырады? Анасы мен қыздары қаншалықты бір толқында? Олар үшін ортасы маңызды ма, әлде жеке шекара ұғымына берік пе? Кітапқұмар қыздарымыз не оқиды? «Нарын шуағы» әйелдер қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен кездесуде осы және басқа да өзекті тақырыптар талқыланып, ой бөліскен күн болды.

IMG-20250502-WA0027

​Аталмыш кездесуге  М.Мәметова атындағы мектептің  тоғызыншы сынып оқушылары,  білім ордасының тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары Бибігүл Бектелеуова, психолог Ботагөз Қайырхан қатысты. Алдымен оқушыларға психолог тренинг бағытындағы сауалнама жүргізіп, қыздардың бір-бірі туралы пікірлерін білді. Психологиялық ойындар «Нарын шуағы» бірлестігінің жетекшісі Арайлым Есмағұлованың подкаст форматындағы кездесуімен жалғасты.
​- Әңгімелесіп, ой бөлісу үшін де адам өзін еркін сезініп, көкейіндегі сауалын қоюға қымсынбауы керек. Бүгін сіздер үшін ең өзекті деген тақырыптарды ашық талқылап, келелі шешімін табуға тырысайық, - деп сөз бастаған Арайлым Маратқызы түрлі мәселелер бойынша ой айтып, қатысушыларға да сауалдар қойды. Мәметовалық қыздар  өз кезегінде білім алу, әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны, мақсат қою, жағымды әдеттер қалыптастыру т.б  тақырыптарды ортаға салып, үн қосты.

Нұрай Таубай,

Бөкей орда ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале