Бәйтерек ауданының орталығы Переметный ауылында ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған оқушылар арасында шахматтан аудандық чемпионат өтті.
Чемпионат 2002-2005 жылы туған, 2006 жылы туған және одан кіші қыздар мен балалар арасында тартысты өтті.
Спорттық шараға аудан мектептерінен 5 команда Киров НМ, Егіндібұлақ, Новенький, Мичурин, Переметный мектебінің өрендері қатысты.
- Тұңғыш Президент күніне арналған чемпионатқа қатысушылардың барлығы дерлік үлкен әзірлікпен келгендігі байқалды. Қатысушылар екі жас ерекшелігі бойынша сынға түсіп, өзара тартысты ойын өрнегін көрсетті, - дейді Бәйтерек аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің әдіскері Сүйініш Ұмбаев.
Чемпионат қорытындысында 2002-2005 жылы туған ұлдар арасында І орынды М.Алаш (Киров НМ), 2006 жылы туған және одан кіші жас ерекшелігі тобында І орынды Д.Данилов (Мичурин мектебі) иеленді.
Ал 2002-2005 жылы туған қыздар арасында І орынды А.Нығыметова (Новенький мектебі), 2006 жылы туған және одан кіші топта І орынды А.Максименко (Новенький мектебі) иеленді.
Жалпы командалық есепте жүлделі І орынды Новенький мектебі командасы жеңіп алса ІІ, ІІІ орындарды Егіндібұлақ мектебі, Киров НМ командалары қанжығаларына байлады.
Ұйымдастырушылар тарапынан жеңімпаз-жүлдегерлерге дипломдар табысталды.
Ертай Бимұханов
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер