7.02.2020, 15:49
Оқылды: 58

Өлеңті өзенінің арғы бетіндегі тұрғындарға газ тартылмақ

Сырым ауданының Өлеңті ауылындағы өзеннің арғы бетіндегі  үйлерге газ тарту мәселесі көтеріліп жүргеніне біраз жыл болды.

syrym kopir (2)

«Сырым елі» қоғамдық-саяси газетінің 2019 жылғы наурыздағы санында жарық көрген «Күтімсіз көпір жазым қыла жаздады» атты мақалада бұл мәселе егжей-тегжейлі айтылған-ды. Аудан орталығына он жыл бұрын келген газдың Өлеңті өзенінің екінші бетіндегі ауылға да жететін мезгілі болған сыңайлы. Осы жердің тұрғыны, төрт баланың әкесі Айбол Бақитовтың « Біздің де жақсы тұрмыс кешіп, көгілдір отын қызығын көруге қақымыз бар шығар?», - деуі көпті ойландырғандай еді.

syrym kopir (1)

Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев кешегі өткен есептік жиында Өлеңті ауылының Д.Күсепқалиев көшесі мен Жетікөл елді мекенінің Бұлдырты көшесіне газ құбырын тартуға тиісті қаржы қарастырылғанын айтып, көптің күпті көңіліне нүкте қойды. Енді конкурс өтіп, мердігер анықталғаннан кейін құбыр тарту жұмысы басталмақ.

Бауыржан Ширмединұлы

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале