Мұрат Бақтиярұлы Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы лауазымынан босатылды
20 Қаңтар 2022

Мұрат Бақтиярұлы Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы лауазымынан босатылды

ЕАЭО Үкіметаралық кеңесінің кезекті отырысы ақпан айында Нұр-Сұлтанда өтеді
20 Қаңтар 2022

ЕАЭО Үкіметаралық кеңесінің кезекті отырысы ақпан айында Нұр-Сұлтанда өтеді

Қанат Таймерденов: Содырлар бізге қаруды тастап, беріліңдер деді
20 Қаңтар 2022

Қанат Таймерденов: Содырлар бізге қаруды тастап, беріліңдер деді

Қазақстандағы коронавирус: Барлық өңір түгелге жуық - «қызыл» аймақта
20 Қаңтар 2022

Қазақстандағы коронавирус: Барлық өңір түгелге жуық - «қызыл» аймақта

24 қаңтардан мектептер мен ЖОО-лар офлайн оқуға көшеді - Білім министрлігі
20 Қаңтар 2022

24 қаңтардан мектептер мен ЖОО-лар офлайн оқуға көшеді - Білім министрлігі

Жаңа демалыс кешені ашылды
19 Қаңтар 2022

Жаңа демалыс кешені ашылды

Өлке тарихын тани түсті
Бәйтерек колледжі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздікке 30 игі іс» жобасын қолға алды. Аталмыш жоба аясында түрлі акциялар мен спорттық, мәдени және тағы да басқа қызықты акциялар мен көпшілік шаралар ұйымдастырылуда. Студенттер мен ұстаздардың тәуелсіздік тойына арналған кезекті шара велошеру болды. «Переметный -  Железнов» бағытында өткен шеруде колледж студенттері мен оқытушылары бас аяғы 30 шақырым жолды артқа тастады. 
IMG-20211020-WA0090

Игі бастамаға сәттілік тілеген колледж директоры Гүлжанар Гильманова аталмыш шараның маңыздылығын ерекше атап өтіп,  салауатты өмір салтын насихаттау, студенттердің спортқа деген қызығушылығын арттыру ісі қашан да бірінші орында тұратынын жеткізді.

 Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Таубаева, АӘД пәні оқытушысы А.Комбулатов пен дене шынықтыру пәні оқытушысы В.Романцов бастаған шеру жоғары деңгейде өтті. Өткен жылы құрылысы аяқталған жаңа тас жолмен жүріп өткен шарушілер Железнов мектебінде болып, ондағы музейге экскурсия жасады. Студенттер музейде ауылдың терең тарихымен танысып, тұрмыс бұйымдарын және ауылдың Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің музейге тапсырған портупея, оқ-дәрі қалдықтары,  ас ішу құралдарын көріп, ауыл белсенділері және әкімдері жайлы біраз ақпараттарды біле алды.

Сонымен қатар ауыл саябағындағы  Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқан жерлестерге арналған монументке гүл шоқтарын қойды. Әсіресе студенттерге тың игеру кезінде қойылған монументтегі трактор бірден ұнап, ерекше әсер қалдырды.

-Бұл шара спортқа деген қызығушылықты арттырып қана қоймай, өлкеміздің тарихымен таныстырып, балалардың ой-өрісін кеңейтеді. Жастардың туған жеріне деген құрметін арттырады,- дейді аудан колледжі директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Таубаева.
Шара соңында, қонақтарын құшақ жая қарсы алып, ауыл тарихымен таныстырған мектеп ұжымына колледж әкімшілігі атынан алғысхат пен естелік сый табыс етілді.

Назерке Сыйлыбаева, 
Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале