12.12.2022, 15:15
Оқылды: 41

Олжамен оралды

Жуырда Казталов ауданы Жалпақтал ауылында 2007-2009, 2010-2012 жылы туған жасөспірім ұлдар және 2010-2012 жылы туған қыздар арасында самбо күресінен аудандық ашық турнир өтті. Турнирге Жәнібек ауданының жас спортшылары қатысып, өз өнерлерін көрсетті. 

4

Нәтижесінде, 46 келі салмақ дәрежесінде Жалғас Кенжебекұлы 1 орын, 50 келіде Қайсар Қамит 2 орын, 55 келі салмақта Сержан Жаннатов 1 орын, Дәурен Тасқали 3 орындарға ие болды. Жаттықтырушы — Ерғазы Темірғалиев

Ботагөз Танабай,
Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале