2.06.2022, 17:10
Оқылды: 48

Өмір сүру құндылықтары насихатталды

Қаратөбе аудандық орталық кітапхана жүйесінің мәжіліс залында дін саласындағы ақпараттық-түсіндірме топ мүшелері «Ізгілік» ҚБ-нің төрағасы, теолог маман Әмірбек Жәнібеков, аудандық мешіттің бас имамы Әділжан Бекқазиевтің қатысуымен кездесу ұйымдастырылды.

Өмір сүру құндылықтары (2)

Дін саласындағы мамандармен аудандық №18 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамы арнайы қатысып, «Өмір сүру құндылықтары» тақырыбы аясында өз-өзіне қол жұмсаудың алдын алу, рухани-адамгершілік тақырыптарында пікір өрбітті.
Дөңгелек үстелде сөз сөйлеген аудандық ақпараттық-түсіндірме топ мүшесі, аудандық мешіт имамы Әділжан Төлебайұлы:
– Ислам діні – тазалыққа, адамгершілікке бағыттайтын дін. Адам баласының өз-өзіне қол жұмсау мәселесіне келер болсақ, шариғат оны құптамайды. Өйткені адамның жаны - Алланың пендесіне берген аманаты» деді.

Өмір сүру құндылықтары (1)

Аудандық «Ізгілік» ҚБ-нің төрағасы, теолог маман Әмірбек Әлібекұлы:
– Бүгінгі шараның маңызы зор. Адам баласына ең қажетті ресурс, байлық ол - иман байлығы. Қоғамдағы болып жатқан түрлі келеңсіз жағдайлар, атап айтқанда, өз-өзіне қол жұмсау, өмірдің қадірін ұғынбау, осының бәрі шариғат шеңберінен шығып, тура жолда қателікке бой алдырған адамдарда болатын жағдай. Адамға берген ғұмырды мәнді, мағыналы өткізу сауапты әрі жауапты іс,- деп тоқталып өтті.
Шара сонында аудандық №18 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері рухани пікір өрбітіп, есті сөз айтып, насихат жұмыстарын жүргізген дін мамандарына өз ризашылықтарын білдірді.

Әмірбек Жәнібеков,
Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале