Жақында Теректі ауданындағы №1 Федоров жалпы орта білім беретін мектебінің 5 «Ә» сыныбы оқушылары аудандық тарихи-өлкетану музейінде болып, өскен өңірлерінің өткеніне үңіліп, тарихымен танысты.
Музейдің төрт көрме залы мен екі экспозиция залында болған өрендер экскурсовод Гүлім Елемесқызына түрлі сұрақтар қойып, балаң көңілдерін қызықтыратын жайттар бойынша көптеген мәліметтер алды.
Тас дәуірінен басталып, Тәуелсіздікке дейінгі тарихымыз сақталатын ғимараттан зейінді шәкірттер керемет әсермен тарқасты.
Рауан Таңат
Теректі ауданы