30.03.2021, 10:29
Оқылды: 39

Өнегелі жанұядан иманды тұлға шығады

Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын): "Мүминдердің иман тұрғысынан ең кемелі - мінезі ең көркем болғаны және отбасына жұмсақ қарағаны,”- дегендей, мұсылмандықты діңгек еткен қандай да бір ұлттың немесе қоғамның өз кемеліне келуі - әрбір керілген керегенің мығым боп, әрбір көтерілген шаңырақтың шайқалмай, биік болуы отбасындағы көркем қарым-қатынас пен тәлім-тәрбиеге байланысты. Иманды тұлға өнегелі жанұядан шығады.
B90F62E2-074D-4F7B-BC4A-D8BBC90A3EDC

Сырым ауданындағы мешіт жамағаты арасында өткен "Өнегелі жанұя” отбасылық сайысы да сол жанұялар жарастығын нығайту мақсатында ұйымдастырылған еді. Сайыстың ашылуына Орал қаласындағы облыстық мешіттің найб имамы Бақытжан Құралбайұлы қатысты.

Жанұялар жарысы “Сәлем – сөздің анасы” кезеңімен басталды. Отбасылар өздерін таныстырды. "Исламдағы бала тәрбиесі” кезеңінде аналар сұрақтарға жауап берді. “Бала тілі – бал” кезеңінде балалар жасына сай Алланың көркем есімдері, дұғалар, сүрелер оқыды. «Шебер қолдар» аталымы аты айтып тұрғандай, аналары мен балаларының шығармашылық қолөнер қабілетін сынады.

F8FC1884-8862-45E0-B95B-BABE7C0677C0

Байқауға жамағат ішіндегі аналар, ішкі саясат бөлімінің мамандары қазылық етті.

Қорытынды бойынша “Өнегелі жанұя” аталымын тоғанастық Құсайыновтар жанұясы иеленді. "Ең өнерлі отбасы” аталымын Ажғалиевтер жанұясы, “Ең ұйымшыл отбасы” аталымын Иманғалиевтер әулеті алса, Хусайновтар әулеті “Ең зияткер отбасы” атанды.

Шара соңында мешіт жамағаты Наурыз көже мен бауырсақ, тәттілер жайылған ақ дастарханда бас қосты.

 Әсел Абдубали,

“Сырым” қоғамдық бірлестігінің төрайымы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале