Жуырда Орал қаласындағы «Жастар» стадионында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында мәдениет қызметкерлері арасында қазақ күресінен «Өнер барысы – 2021» атты ашық қалалық жарыс өтті. Орал қаласының дене шынықтыру және спорт бөлмі және Орал қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Қалалық мәдени-ағарту бірлестігі» МКҚК-ның ұйыдастыруымен өткен жарысқа Жаңақала аудандық мәдени-демалыс орталығының өнерпаздары да қатысып, бақ сынады.
Өнердің ғана емес, спорттың да биік шыңынан көрініп жүрген өнерпаздар аудан намысын қорғап, жүлделі ІІ орынды иеленді. Дәурен Нәсіпқалиев, Әділбек Сұлтанғалиев, Нұрлан Хамзин, Әлібек Сүлейменов, Айболат Сатыбаев, Оралбек Тәкенов сынды жігіттер намысты қолдан бермей, аудан мерейін үстем етті. Команда жетекшісі Мұхит Сисенов болса, бапкер ретінде Жасқанат Сыралиев барды. Ал Замир Батыров пен Дәурен Жағыпаров жарысқа төрелік етуге атсалысты.
Жеңімпаздар Батыс Қазақстан облысының қазақ күресі федерациясының жүлде қорымен, Орал қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің дипломдарымен, медальдармен марапатталды.
Жаннұр Берікқызы,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz