12.05.2024, 16:30
Оқылды: 11

Өнер иесі қырық бес жаста

Казталов аудандық Сағит Садықов атындағы мәдени-демалыс орталығы көркемөнерпаздарының ішінде шоқтығы биік, киелі өнерді өзіне серік қылып жүрген азаматтың бірі және бірегейі «БҚО мәденит саласының үзігі» төсбелгісінің иегері Қайрат Жасқайратұлы Абдулов. Қайраттың киелі сахнада жүргеніне 20 жылдан астам уақыт өтті. Керемет әнші, талантты актер 11 мамыр күні 45 жасқа толып, шығармашылық кешін берді.

IMG_7227

«Достар styles» заманауи атауымен өткен концертте Сағит Садықов атындағы мәдени-демалыс орталығы көркемөнерпаздарымен қатар Қайратты қолдап келген өнердегі достары да өнер көрсетті.

Өнер десе жанын беретін азаматтың ауданымыздың мәдениетін дамытуға қосып жүрген үлесі зор. Кеш басында өнер иесі туралы қызықты видеоролик көрсетіліп, сахна шымылдығы Қайрат Жасқайратұлы мен ұлы Ералының орындауындағы «Ақ пен қара» әнімен ашылды. Айтам кетуіміз керек, ағамыздың ұлы Ералы да өнерден кенде емес.

Кеш қонақтары, жерлестеріміз күміс таңдай әнші Альберт Ғазизжанов, облыстық Халық шығармашылығы орталығының басшысы Мәулет Жұбатов, Қазақ этрадасының жарық жұлдызы Дәурен Сейтжанов өнерлерін паш етіп, әсерлі әндерін жолдады.

IMG_7418

Жиналған көпшілікке тамаша көңіл-күй сыйлаған концерт соңында туған күн иесіне арналған құттықтаулар жолданды.

1

Сахна төріне көтерілген Мәулет Жұбатов Батыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасы басшысының алғыс хатын, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының міндетін уақытша орындаушы Алмагүл Әлібаева Казталов ауданы әкімінің алғыс хатын оқып, кеш иесінің иығына шапан жапты. Сахнада сөз алған Казталов ауылдық округінің әкімі Ернар Ғалымов өнер иесінің өнегелі өміріне қысқаша тоқталып, алғысхат табыстаса, аудандық «Ауыл айнасы» қоғамдық-саяси газетінің директор-редакторы Қайрат Жақып арнауын оқып берді.

IMG20240511204003

Сондай-ақ өнер теңізінде құлаштап жүзіп келе жатқан Қайрат Жасқайратұлына ауданымызға танымал кәсіпкер Асылбек Шамғонов жерлестер атынан ат мінгізді.

Нұр Рахман,

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале