15.06.2023, 16:45
Оқылды: 27

Өнер көгінде қалықтаған «Қарлығаш»

Казталов ауданы орталығындағы С.Садықов атындағы мәдени-демалыс орталығында Халықтық «Қарлығаш» би ансамблінің «Би әлемі» атты есеп беру концерті өтті.

казталов (4)

Концерт би ұжымының орындауындағы «Ақбаян» биімен ашылып,  өнерпаздар жиналған көпшілікті бірден баурап алды.

Тарихы өткен ғасырдың орта шенінен басталатын өнер ұжымы,  1970 жылы Алматы қаласында өткен жас өнерпаздар байқауында «Халықтық би ансамблі» атағын алған болатын. Ұрпақтың ой-санасын эститикалық әсемдік пен көркемдік тұрғысында дамытуда ерекше орны бар би ұжымы,  аудан,  облыс,  республика халқына талай сахнада таңдай қақтырған үлкен ансамбль.

казталов (3)

Аудан мәдениетінің өркендеуіне ат салысып жүрген ұжымның концерті орта топ бишілерінің «Көктем» биімен жалғасып,  патриоттық рухқа үндейтін   «Рухты ару»,  «Бала ойын» билері үлкен шеберлікпен орындалды. Концерт барысында түрлі ұлт өкілдерінің ұлттық билері де орындалып, көрермен қауым бүлдіршіндер өнеріне тәнті болды. «Uptown funk»,  «Банана»,  «Автоцирк» билері де кезегімен орындалып, сахнада би қимылдарының әсем үйлесімі көрініс тапты.

казталов (2)

Концерт соңында Халықтық «Қарлығаш» би ансамблінің жетекшілері Ерназар Қатуов пен Гүлдәр Мұхамбетжановға ата-аналар үлкен алғыс білдіріп,  гүл шоқтарын ұсынды.

казталов (1)

 

Жансая Жұмажанқызы,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале