14.10.2021, 14:48
Оқылды: 100

Өнер ұжымы Қаратөбеде концерт қойды

Қазанның 13-і күні Қаратөбе ауданында Қадыр Мырза Әли атындағы облыстық мәдениет және өнер орталығының «Қадыр жолымен...» жобасы аясында құрылған «Дала дидары» көшпелі өнер ұжымының концерттік кеші өтті.

D194EC23-09C8-4DA7-84AC-611B1DC79039

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында өткен сазды кеш ақынның шығармашылығына арналған видеороликпен басталды.

Кешті Қадыр Мырза Әли атындағы облыстық мәдениет және өнер орталығының директоры, жоба жетекшісі Бауыржан Халиолла кіріспе сөзбен ашты.

-Асаллаумағалейкум алқалаған әлеумет, жиылған жамағат, бабасы мен баласы, түгел даласының өзі ән салып тұратын қасиетті Қаратөбе жұртшылығы! Елдегі дерт сейілгелі бері Қадыр орталығы аймақтағы және мәдениет өнер саласындағы мекемелер ішінде алғашқы болып аудан-ауданға, ауыл-ауылға елмен қауышуды қолға алды. Біздің осы сапарымызды ыждағатпен күтіп, қолдап шарамызды өткізуімізге атсалысқан аудан әкімі Қадыржан Орынбасарұлына, қаратөбелік өнер жанашырларына алғыс айтамыз. Халықпен жүздесуге мүмкіндік туғызғаны үшін, біздің қасымыздан табылып, жүздесуге келген сіздерге алғыс айтамын,- деді Бауыржан Халиолла.

B289E604-AE58-42CC-9A4D-E693EF7C9AD8

Мейірхан Аюповтың орындауында «Тамаша» әні шырқалды. Концертті жалғастырған Аслан Ислямов «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру» әнін орындады. Ерекше сазды даусымен Гүлзада Ахметова «Наз» әнін орындаса, Мейірхан Аюпов пен Гүлзада Ахметова «Әже туралы әнді» бірге шырқады. Халыққа ерекше тебіреніс беретін Шәмші атамыздың әуеніне жазылған «Сыған серенадасын» Мәди Сабыров, Ақылбек Какимов, Асылбек Ислямов орындап берді. Келесі кезек поэзияға беріліп,  Ақмоншақ Есетова мен Назерке Махметова ақын өлеңдерін нақышына келтіріп, мәнерлеп оқыды. «Жауынгер мекен – Жымпиты» атты әнін Ақылбек Какимов орындады. Концерт соңында рухты көтеретін "Атамекен", "Өз елім" әндері шырқалды. Концерт соныңда аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев сөз сөйлеп, Қадыр Мырза Әли атындағы облыстық мәдениет және өнер орталығының ұжымына алғыс айтып, алғысхат табыстады.

Халила Мұхтарқызы,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

 

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале