22.05.2023, 15:30
Оқылды: 18

«Өнерлі, өрелі әріптестермен біз биікпіз!»

«Шығармашылық адамы – дүние-дүрмектің материалдық құндылықтарынан руханиятты биік қоя білетін, көңіл көңілден су ішедімен күн кеше жүріп бойында мынау қоғамды шынайылыққа, мөлдірлікке тәрбиелейтін, үндейтін асыл қасиет бар жаратылыс иелері десем артық айтқандық болмас. Бұл тұрғыда Тұңғышбай Әл-Тарази көкемізден асырып әсте сипаттай алмаспыз. Өздері бір сондай патшадай паң, айналасын таң қылып жүретін, осынау бес күндік жалғанда біреу үшін олардағы талант арманға айналған, ал бекзат өнері дүйім елді елітіп әкететін ақжүрек әріптестерімді, мәдениет қызметкерлерін  алдымен мерекесімен құттықтап қояйын! Енді ой бөліспегім, мен осы ортаға қалай келдім?! Жалпы әр адамның маңдайына жазылған тағдыры, өмірлік миссиясы болады ғой. Міне, қазіргі күні өзімнің ұққаным өмір жолым мені бейтаныс ортаға тап етіп, оған бейімделуге баулиды екен. Түйсінгенге, бұл да тегін емес. Ғұмырымыздың өткені – ой, бүгіні – сабақ, болашағы – сыр», - дейді біздің бүгінгі кейіпкеріміз Жәнібек Аманғалиев.

IMG-20230522-WA0026

 

Жәнібек Айдынғалиұлы – Ақжайық ауданы Чапай ауылының тумасы. 2007 жылы осындағы №1 жалпы білім беретін орта мектепті тәмамдап, жоғары білім алу мақсатымен асқақ арман жетегінде киелі Түркістанға жол тартқан. Жас жігіттің бағы жанып Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетіне оқуға түсіп, аталмыш оқу ордасынан музей ісі және ескерткіштерді қорғау мамандығын меңгеріп шығады. Жастықтың оты жалындаған албырт шақ. Жас маман оңтүстікте қалып, еңбек жолын осы өңірден бастауға ниеттенеді. Алайда жақын жандарының қолқасымен көңіл қалауын ақылға жеңдіріп туған жердің төсіне қайта оралды.

Мақаланың толық нұсқасын аудандық «Ауыл тынысы» газетінің №21 санынан оқи аласыздар

 

Гүлжаз Баделова,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале