18.11.2021, 12:16
Оқылды: 56

Өнермен сусындатқан сапар жалғасуда

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай еліміздің ұлы тарихына, ата-баба рухына, аға ұрпақтардың қаһармандық өмір жолына құрметпен бас иіп, Отанымыз – Қазақстанға бейбіт өмір тілеген Жалпақтал Мәдениет үйінің өнерпаздары Қараөзен ауылында болып, өнермен сусындатқан кезекті сапарларын жалғастырды.

258235423_1287922478391958_4002894686835729402_n

Мерекелік концерттің шымылдығын «Туған жер» әнімен ашқан Ерлан Аманжолов, Мержан Дүйсенов, Нұрхат Жалмұханов триосы қараөзендік ағайындардың шынайы ықыласына бөленіп, көрермен тарапынан кеш шарасының жоғары деңгейде қабылданатынына бірден көз жеткізді. Одан кейін Нұрхат Жалмұхановтың «Бір досың керек екен», Индира Мерекееваның «Тек алға», Гаяз Мазгутов шырқаған «Мой Казахстан», «Биімнің аты - Шалала», Мержан Дүйсеновтің «Ауыл кеші көңілді», София Мерғалиеваның орындауындағы Сағидолла Нығметовтың «Жерлестерге тілек», Ерлан Аманжоловтың «Еркеле», «Айналайын», Сайлаубек Меңдібековтің «Алтынай», Анар Мусинаның «Алдама жүрек» әндері қараөзендік ағайынның жылы ілтипатына бөленді.

258477350_1287923018391904_6531984119630995225_n

Ауыл тұрғындарының мерекелік көңілін көтеріп, бір қуантып тастаған концерт соңында Қараөзен ауылдық округі әкімдігінің бас маманы Азамат Абуғалиев ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына қосқан зор үлестері үшін Қараөзен ауылдық округ әкімдігінің бас маманы Касымов Артур Батыргерейұлына, Қараөзен мектеп лицейінің кіші қызыметкері Иманғазиев Жақсылық Амангелдіұлына және Жас ауылының тұрғыны аудандық қоғамдық Кеңес мүшесі Ғұбашев Руслан Жанұзақұлына Казталов ауданының әкімі Альберт Есалиевтің атынан алғысхат табыс етіп, жарқын кеш сыйлаған өнерпаздарға қараөзендіктер атынан ризашылығын білдірді.

258606690_1287923035058569_395843575227826497_n

«Отан – оттан ыстық», «Ер ел үшін туады, ел үшін өледі» - деп түйген концерт жүргізушісі халықтың қаһарманы Бауыржан батырдың «Отаның үшін отқа түс күймейсің» деген ұран сөзін алға тартып, қазақ халқының аңызға айналып, дастандарға арқау болған батыр ұл-қыздарын шынайы дәріптеді. Өйткені біздің халқымыздың атамекенді ардақтау сезімі өте терең. Ондай мінез бен ежелгі дәстүр біздің жанымызға ата тілегімен тарап, ана сүтімен дарыған.

257357626_1287922235058649_7094041610063536243_n

Олай болса, айшылық жерді алты аттаған алыптардай аяғынан қаз тұрып, қадам басқан тәуелсіздігіміз демократиялық өркениетті даму жолында мәңгі жасап, өнермен сусындатқан ұжым сапары әрі қарай жалғасын таба берсін!

Қыдыр Харесұлы,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале