5.09.2023, 21:15
Оқылды: 12

Оралда Сырым ауданының мәдени күндері басталды

Бүгін Оралда 5-6 қыркүйек Сырым ауданы күндері басталды.

IMG_4281

Мерекелік шаралар шымылдығы жерлесіміз, ақын, журналист Бауыржан Ширмединұлының туындысы “Ақ киіз” тарихи драмасымен түрілді.

IMG_4282

А.Островский атындағы облыстық орыс драма театрындағы тарихи драманың тұсаукесеріне Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов қатысып, құттықтау сөз сөйлеп, қойылымда қолтаңбасы бар әрбір жанға, автор Бауыржан Ширмединұлыныа алғыс білдірді.

IMG_4279

Айта кетейік, “Ақ киіздің” тұсаукесері бүгінгі күнге дейін Астана қаласындағы музыкалық жас көрермен театрында, Жымпиты сахнасында қойылған болатын.

Драманың авторы – сырымдық ақын, журналист, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Бауыржан Ширмединұлы болса, қоюшы режиссері - Алмат Шарипов. Жаһаншаның рөлін актер Сәндібек Өтеғалиев ойнады.

IMG_4278

Облыстық орыс театрында “Ақ қиізге” жиналған сырымдықтардың, қала қонақтарының қатары қалың болды.

Қойылым соңында көрермендер театр әртістеріне ерекше ықыласпен гүл шоқтарын табыс етіп, естелік суретке түсті.

IMG_4270

Бір қызығы, Алашорда үкіметінің Батыс бөлімшесінің төрағасы, әділет генералы, заңгер Жаһанша Досмұхамедовтың қайраткерлігін баяндайтын туындыны тамашалауға қала қонақтары, жерлестер, қоғам қайраткерлерінен бөлек Орал қаласындағы Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжінің студенттері де алдыңғы қатарлы көрермендерден болды.

Айжан Бауыржанқызы,

Сырым ауданы​

zhaikpress.kz 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале