12.10.2023, 23:29
Оқылды: 124

Оралда Жаңақала ауданының мәдени күні тойланды

Бүгін әсем қаламызда бой көтерген “Атамекен” өнер ордасында дәстүрге айналған “Туған жерім – тұғырым” халық шығармашылығы фестивалі аясында қойнауы шежіреге толы Жаңақала ауданының көркемөнерпаздары “Аңыз, абыз Жаңақала” мерекелік концертін ұйымдастырды.

image-12-10-23-11-16

Өнер ордасының кіреберісінде Жаңақала шеберлерінің қолдарынан шыққан керемет туындылары жағалай орналасып, келген қонақтар әрмен қарай аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің дайындаған ақ пен бауырсағынан дәм татып, кітап көрмесін тамашалады.

image-12-10-23-11-17 (3)

image-12-10-23-11-18 (1)

Сонымен қатар ұлттық құндылығымызды насихаттап жүрген аудандық МДО жанындағы халықтық “Айзере” әжелер ансамблі халық әндерін орындаса, Д.Нұрпейісова атындағы аудандық музей экскурсоводы Сымбат Талғатқызы аудан тарихымен кеңінен таныстырды.

image-12-10-23-11-17 (2)

Ауданымыздың белді кәсіпкерлері Әділбек пен Әсел Семеновтар да бұл мерекеге өзіндік үлестерін қосып, өз қолдарымен ет өнімдері мен сүт өнімдерінен ұлттық тағамдарымызды дайындап әкелді.

image-12-10-23-11-16 (2)

Өнер ордасының табалдырығынан бастап ерекше әсер алған жерлестеріміз әрмен қарай аудан көркемөнерпаздары дайындаған концерттің куәсі болды.

image-12-10-23-11-17 (6)

“Аңыз, абыз Жаңақала” поэтикалы-музыкалық композициямен басталған кеште жерлес ақын, композиторларымыздың шығармалары орындалып, шара ауданымыздың әншісі Мерей Жұмашевтың орындауында Е.Хасанғалиевтің “Атамекен” әнімен қорытындыланды.

Осы кеште аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен ауданымыздың айнасы боп саналатын “Жаңарған өңір” газетінің мерекелік санының 800 данасы кеш көрермендеріне үлестірілді. Аудан әкімі Алпамыс Жаңабайұлы жиналған қауымды аудан күнімен құттықтап, барша өнерпаздарға алғысын білдірді.

image-12-10-23-11-17

“Өнерін сыйлаған өрге шығады” демекші, қашанда өнерді жоғары бағалайтын Жаңақала ауданының мерекелік кешін тек жаңақалалықтар ғана емес, қала тұрғындары да тамашалап, рухани серпіліспен тарқасты десек, қателеспейміз.

image-12-10-23-11-17 (5)

Ұлтымыздың ұлыларын ұлықтар ұрпақтары барда, Асылбектің ізбасары, айдархандық өткір тілді, суырыпсалма ақын Оралбек Меңдіқұл айтқандай, тас лақтырсаң тектілерге тиетін, әлемнің сегіз кереметі орналасқан, жайсаңдар мен жампоздардың өлкесі – Жаңақала мәңгі жасамақ.

image-12-10-23-11-17 (4)

Айзада Ақбасова,

Жаңақала ауданы 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале