Жуырда «Kodakan Spirit» дзюдо орталығының ашылуына орай дзюдо күресінен 2010-2011 жылғы кіші жасөспірімдер арасында Орал қаласының ашық турнирі өткен болатын.
Аталмыш жарыста күміс жүлдемен оралған Ізбасар Мергенұлы Ұлықбекті жуырда Жаңақала ауданы Бірлік ауылдық округінің әкімі Ерболат Жақашев құттықтады.
Ауылдық округ әкімі Е.Қуанышұлы жерлесінің ерлігін жас буынға үлгі ете отырып, жас дзюдошыға, ата-анасына және бапкеріне ерекше ризашылық білдірді.
Сондай-ақ әрбір жетістігі ауыл мерейі, ел абыройы екендігін айтқан ауыл әкімі жас спортшыны алғыс хатпен марапаттады.
«Жаңарған өңір»,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz