Орал қаласындағы «Дарын» қосымша білім беру орталығында өткен «Абай оқулары» байқауының облыстық кезеңіне жолдама алған оқушылар табысты оралды.
Атап айтқанда, «Ұлылар әлемі» эссе жазу бөлімінде Бударин мектеп-бөбекжай кешенінің оқушысы Риза Тілек III орын, Абайдың қара сөздерін нақышына келтіре оқыған Базартөбе орта мектебінің оқушысы Инабат Аманжол мен Абай шәкірттерінің шығармаларын жетік меңгерген Абай атындағы мектеп-гимназияның оқушысы Гүлназ Тұрлан II орынға ие болып, марапатталды.
Ал балауса ақындардың өнері сарапқа салынған «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» деп аталатын бөлімде Базартөбе орта мектебінің оқушысы Абзал Наурызғали, «Көңілім әнді ұғады» бөлімінде ән әуелеткен Абай атындағы мектеп-гимназия шәкірті Назкерім Сәкенқызы жеңімпаз атанып, аудан мерейін асырды.
Әсет Сағындық,
Ақжайық ауданы
zhaikpress.kz