24.01.2023, 23:40
Оқылды: 30

Орамды ой, өрелі әңгіме

Бүгін ақын, ұстаз, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ҚР білім беру саласының үздігі, «Ерен еңбегі үшін» медалі мен Ы.Алтынсарин атындағы медаль иегері Дариға Мұштанова Жаңақала өңіріне ат басын бұрды. Жаңақала мектеп-гимназиясында ұстаздардың Д.Ғазезқызымен жарқын жүздесуі өтті.

IMG-20230124-WA0127

Кездесу барысында Дариға апамыз тәрбие, әсіресе ұлдар тәрбиесінің мәселесіне басымдық беру керек екендігін жеткізді. Әскердегі бассыздықтарға да бір тоқталып өтті. Тәлімгерлердің құлақ құрышын қандыра отырып, өз өмірінің қызықты кезеңдерін де әңгімеге қосып отырды.

IMG-20230124-WA0129Ұстаздар қауымы мектеп, мұғалім және бала тәрбиесіне қатысты орамды ойларын ортаға шығып айтты.

IMG-20230124-WA0130

Өз кезегінде Д.Мұштанова жүректен шыққан жан тебірентерлік туындыларын оқып берді. Өздеріне ой түйіп, рухани азық алған ұстаздар мейманмен суретке түсіп, жұмыс кабинеттеріне тарқасты.

Райхан Хамзина

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале