28.12.2021, 11:10
Оқылды: 55

Отан қорғаушылар жарысы өтті

Бәйтерек ауданы Дариян ауылындағы Абай атындағы мектеп-гимназия-интернатының спорт залында 9-11 сынып оқушылары арасында әскери-эстафеталық сайыс ұйымдастырылды. Оқушылардың патриоттық сезімін оятып, оларды отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында өткізілген сайысқа қонақ ретінде Орал  қаласындағы №2029 шекара жасағына қарасты Дариян ауылындағы "Орал" шекара бекетінің лейтенанты Құмар Бақытов келді.

2

Сайыс таныстыру, топ ұранын айту, әскери эстафета яғни АК-74 қаруының оқу макетін бөлшектеу және жинақтау, оқжатарды шашып жинау, газтұмылдырық және әскери қорғаныш толымын кию сияқты кезеңдерден тұрды.

3

Сондай-ақ ұлдар кермеге тартылу, топ құрамындағы бір қыз белді бүгіп жазу сынағын тапсырды.  Қызықты сайыс нәтижесінде әділқазылар шешімімен І орынды 11-сынып оқушыларынан құралған "Сарбаздар" тобы иеленсе, ІІ орынды 10-сынып оқушыларынан құрылған "Көк тарландар",  ІІІ орынды 9-сынып оқушыларынан құрылған "Жас жауынгер" тобы еншіледі. Ал, кермеге тартылу бойынша І орынды Мақсат Ғабитов, ІІ орынды Нұржан Шығанбаев, ІІІ орынға Мәулен  Жалғасұлы ие болды. Қыздар арасындағы "белді бүгіп жазу" сайысында І орынды Айлина Бижанова, ІІ орынды Ақниет Мұратова, ІІІ орынды Сабина Саматова еншіледі. Ұлдар арасында 1 минутқа "белді, қолды бүгіп жазу" сайысында І орынды Маулен Жалғасұлы, ІІ орынды Мақсат Ғабитов, ІІІ орынды Мақсат Ахметов иеленді. Сайыста белсенділік танытып, жақсы нәтижесі көрсеткен оқушылар да марапаттан қалыс қалмады. АК-74 қаруының оқу макетін шашып, жинауда Санжар Жұмыров озық шықты.

4

Сайыс соңында Орал  қаласындағы №2029 шекара жасағына қарасты Дариян ауылындағы "Орал" шекара бекетінің лейтенанты Құмар Бақытов пен  мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Самал Исмагулова қатысушыларға жылы лебіздерін білдіріп, үздіктер мен белсенділік танытқан ұл-ұқыздарды мектеп директорының арнайы алғысхаттарымен марапаттады.

Асулан Айдарханов,

Дариян ауылы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале