Ел өміріндегі маңызды саяси науқанға белсенді қатысқан Бақтыгеереевтер отбасы сайлау учаскесіне келіп, дауыс берді.
Отбасы мүшелері азаматтық жауапкершіліктерін танытып, ел болашағына бейжай қарамай, өздерінің конституциялық құқықтарын пайдаланып, саяси науқанға атсалысты.
Отбасымен бірге сайлау учаскесіне келіп, дауыс беру – кейінгі ұрпаққа азаматтық жауапкершіліктің үлгісін көрсетудің жарқын жолы. Маңызды сәттегі отбасылық белсенділік қоғамдағы бірлік пен ел болашағына деген сенімді арттыра түседі.
Бактыгүл Шотанова,
Тасқала ауданы