21.12.2021, 11:20
Оқылды: 0

Отбасылар сайысы

БҚО жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйытқы болуымен Бәйтерек ауданында «Толағай» отбасылық сайысы өтті. Облыс көлемінде оздырылып жатқанан байқау Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылды.

IMG-20211220-WA0083

Тұрғындар арасында салауатты өмір салтын дәріптеп, ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынасты нығайту, спортқа баулу мақсатында ұйымдастырылған сайысқа Переметный, Железнов, Зеленый мен Белес ауылдық округтерінен келген отбасылар қатысты.

Алдымен «Серіктестер сайысы» «Кім ширақ?», «Баскетбол эстафетасы» және «Олимпиада алауы» сияқты түрлі кезеңдерге өз шеберліктерін танытып, спортқа жақын екендіктерін көрсетсе, соңғы «Арқан тартыс» кезеңінде жанұялардың мықтылықтары сарапқа салынды.

Сайыстың әділ бағасын БҚО жастар ресурстық орталығы жастарға қызмет көрсету бөлімінің басшысы Мұхит Өтепбергенұлы және Переметный ауылдық округінің спорт әдіскері Расул Тулеов пен Бәйтерек аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Жанар Губашева сынды жандар берді.

– Баршаңызды өткен Тәуелсіздік мерекесімен құттықтаймын. Бүгінгі сайыс тартысты өтті. Ойын болған соң қызығы мен шыжығы қатар жүреді. Осы байқауға қатысудың өзі отбасылар үшін үлкен жетістік. Белсенділік танытқан барша жанға жарайсыздар деймін. Қандай шара болса да белсенділік танытып, қатысатын отбасылар саны арта берсін, – деді жарыс соңында сөз алған БҚО жастар ресурстық орталығы жастарға қызмет көрсету бөлімінің басшысы Мұхит Өтепбергенұлы.

Сондай-ақ аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Жанар Губашева да жиналғандарды мерекемен құттықтап, ұйымдастырушылар мен қатысушыларға жылы лебізін білдірді.

Қызықты жарыс қорытындысында зеленыйлық «Максимум» командасы үшінші орынға ие болса, переметныйлық «Достық» тобы екінші, Белес округінен келген «Белес» құрамасы жеңімпаз атанды.

Қатысушыларға белсенділігі үшін алғысхаттар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Назерке Сыйлыбаева,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале