Переметный ауылында жас туристер станциясы осындай атаумен Отбасы күні мерекесіне орай отбасылық эстафетадан аудандық жарыс ұйымдастырды.
Білім беру бөлімінің қолдауымен өткен шараға Бәйтерек ауданы ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұрғали Жолдасқалиев, аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Данагүл Равхатова, жас туристер станциясының директоры Әлия Ерғұсаева қатысып, қонақтарды мерекемен құттықтады, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Жарыста барлығы алты отбасы бақ сынаса, олардың өнерін бағалауға бас төреші болып білім беру бөлімінің әдіскері Данагүл Равхатова, туризм бөлімінің меңгерушісі Дмитрий Мухин және спорттық бағдарлау саласынан Нұркен Қасымов әділ қазы боп сайланды.
Тартысты өткен сайыста, I орынды Атамекен ауылы, І. Есенберлин атындағы ЖОББ мектебінен келген Төлегеновтер отбасы, II орынды Переметный ЖОББМ Мұхамбетовтер, III орынды Қ.Қайсенов мектебінен Мәулешовтар қанжығалады.
Одан бөлек, Белес мектеп-бөбекжай-балабақша кешені атынан қатысқан Төлеуғалиевтар «Үлгілі отбасы», Зеленый ЖОББМ-нен Абдушевтар «Мерейлі отбасы» аталымына ие болса, Камен ЖОББМ-нен Акчуриндер «Парасатты отбасы» атанды.
Қызыққа толы бәсекеге белсенді қатысқан барлық жанұялар мақтау қағазы және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Нұрсәуле Әбілпейсова,
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz