Қаратөбеде сайлау күні таңмен таласа сайлау учаскелеріне келген тұрғындардың қарасы қалың болды. Солардың қатарында белгілі өлкетанушы-жазушы, марқұм Қайыржан Хасановтың ұлдары да бар.

Олар таңертең отбасыларымен бірге Қаратөбедегі №277 сайлау учаскесіне келіп, азаматтық таңдауларын жасады.
Әке жолын жалғаған ұлдары да елдік мәселелерге бейжай қарамай, өз таңдауларын жасап, туған жердің қоғамдық өміріне белсене араласып келеді.
– Елдің болашағы әр азаматтың таңдауынан басталады. Сондықтан дауыс беріп, өз азаматтық ұстанымымызды білдіруді жөн көрдік, – дейді Хасановтар отбасы.
Райымбек Абай