3.01.2025, 17:15
Оқылды: 44

Өткен жыл еліміз үшін табысты жыл болды

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгінгі «Ана тілі» газетіне «Мақсатым – экономиканы және егемендікті нығайту» атты берген сұхбатынан мынадай ойға келдім.
Өткен жыл еліміз үшін табысты жыл болған. Оны өз сөзінде Президентіміз арнайы атап өтті.

ac028d82-71fe-441f-b67f-919f36817b0b

Соның ішінде тозығы жеткен инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары, тұрғын үй құрылысы жүргізіліп, оның пайдалануға берілуі және автокөлік жолдарының қайтадан жөнделуі еліміздің дамуының басты саласы деп есептеймін. Себебі бұл салалар ел дамуына ерекше серпін беретіні анық.
Сонымен қатар Президентіміз өткен жылғы су тасқынына да арнайы тоқталып, одан алдағы уақытта сабақ алу керектігін басып айтты. Өткен жылғы су тасқыны да біздің ауданымыз үшін оңай болған жоқ. Алайда, су тасқыны кезінде Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы ауданымызға келіп, су тасқынынан зардап шеккен тұрғындармен кездескен болатын. Бүгінгі күні қиын жағдайлардың бәрі артта қалып, қалпына келтіру жұмыстары ойдағыдай жүргізілді. Аудан тұрғындары осыдан сабақ алды деп ойлаймын. Өткен жылдың күз айында аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен алдағы жылдағы су тасқынына қарсы ойдағыдай дайындық жұмыстары жүргізілді.
Президентіміз алдағы жылдары ел экономикасының дамуына да тоқталып өтті. Еліміз сыртқы саясатта да өз ұстанымын айқындап берді.

Бекжан Қойшекенов,
«Қаратөбе өңірі» газетінің директор-редакторы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале