Озерный негізгі мектебінің 9-сынып оқушылары «Жақсылық жасаудан жалықпа» атты қайырымдылық акция аясында еңбек ардагері Жұмазия Ерғалиеваның үйінің айналасын қардан тазартып, кейуанаға көмек көрсетті.
Қайырымдылық, ізгілік, қамқорлық жасау парызын қалыптастыру мақсатында өткен игі шараны мектеп тәлімгері Малика Ғатауова ұйымдастырды.
-Оқушылардың бойында осындай адамгершілік құндылықтардың болуы бізді қуантады. Жақсылық жасап, қамқорлық көрсеткен оқушыларға разымыз, игі іс жалғасын таба берсін,- дейді Озерный негізгі мектебінің тәрбие ісінің меңгерушісі Замира Сағидуллина.
Гүлжан Аязбаева,
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz