Көктемнен бері көпті әбігерге салған жаман ауру барымыздың бағасын, қымбатымыздың қадірін түсінуге сеп болды.

Бұл індетен тек бірлігіміз бен сақтық шараларын мүлтіксіз орындау ғана құтқарады. Осы күні ауру беті қайтқанымен қауіп бұлты сейілді деу ерте. Сондықтан әлі де сақтануымыз керек.
Жуырда Бәйтерек ауданы Озерный мектебінің директоры Серік Тоқбаев кәсіподақ ұйымының ақшалай қолдауы арқылы берілетін қаражатқа мата алып, оны бастауыш сынып мұғалімі Арайлым Түрекеева мен технология пәнінің мұғалімі Эльмира Ерғалиеваға берді. Ұстаздар одан әріптестері мен оқушыларға қажет бетперделер тігіп, үлестірді.

– Біз, ұстаздар қауымы ел басына түскен қиын кезеңде елмен бірге болуымыз керек. Қазіргідей қиын сәтте қол қусырып отыра алмаймыз. Қолымыздан келер қандай көмек болса да көрсетуге дайынбыз, – дейді мұғалім Арайлым Түрекеева.
Гүлжан Аязбаева,
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz