Бүгін Бөрлі ауданына іссапармен "AMANAT" партиясының партиялық штаб мүшесі, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаты Мәлік Құлшар мен "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының" БҚО бойынша басшысының орынбасары Жеңіс Беріков және Әлеуметтік қорғау және көші - қон департаменті басшысының орынбасары Арман Елдесов келді.
Мәжіліс депутаты Қазақстан Республикасы Конституциясына түзетулер мен өзгерістер енгізу бойынша жарияланған республикалық референдум туралы сөз алып, көпшіліктің ойын тыңдап, сұрақ-жауап алмасты. Жиынға қатысушыларға, нақтырақ айтсақ, аудандық штаб мүшелеріне референдум туралы халыққа кеңірек түсіндіру керек екенін айтты.
Айта кетейік, Бөрлі ауданы бойынша референдумды қолдау мақсатында қоғамдық штаб құрылған болатын. Қоғамдық штаб төрағасы болып Бөрлі ауылдық қоғамдық кеңесінің төрағасы Бақтығали Макеев бекітілсе, аталмыш штаб жанынан құрылған жастар штабының төрағасына белсенді жас, №4 ЖОББМ директоры Мерген Әбдіров сайланды. Штаб құрамындағы 31 белсенді бүгінде түсіндіру жұмыстарын қарқынды жүргізуде.Бүгінгі аталған кездесуде әлеуметтік сала бойынша да жоғарыда аталған мамандар көпшілік қойған сауалдарға жауап берді. Жиыннан соң Мәлік Иманқұлұлы азаматтарға жеке қабылдау өткізді.
Сәнім Меңдібай,
Бөрлі ауданы,
zhaikpress.kz