6.01.2020, 17:05
Оқылды: 23

Парламент Мәжілісінің депутаттары Бәйтерек ауданына барды

Бүгін Бәйтерек ауданына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары жұмыс сапармен келді.

baiterek deputat (1)

Парламенттегі «Ақ жол» партиясының өкілі Кеңес Абсатиров, «Nur Otan» партиясынан Шавхат Өтемісов, Снежанна Имашева, Аманжан Жамалов аудан аумағындағы «Жайықмұнай» ЖШС кенішінде болып, мұнай-газ өндіру, өңдеу зауыты жұмысымен танысты. Кеніште өндірілген газды өңдеу әрі оны сатып алушы тарапқа жеткізу, экологиялық талап нормаларын сақтау, маман-жұмысшылар құқығының бұзылуына жол бермеу туралы ой бөліскен депутаттар зауыт өкілдерінің болашақ жоспарларын да тыңдады.

baiterek deputat (4)

Одан соң депутаттар Январцев ауылдық клубында ауыл тұрғындарымен жүздесті. Еркін форматта өткен жиында жерлестеріміз орман шаруашылығы қызметкерлерінің жалақысы төмендігін, шаруашылықтардың техникалық жабдықталуы нашарлығын, жаңартылған білім беру жүйесінің кейбір талаптары ауыл мектептеріне сәйкес келмейтіндігін айтты. Сондай-ақ жаңа атаулы әлеуметтік көмек туралы, ауылда ұйымдастырылатын мәдени шараларға бюджеттен қаржы бөлдіру жайлы, ауыл клубтарын жабдықтау төңірегінде ой-пікірлерін ортаға салып, тиісінше жауап алды.

baiterek deputat (5)

Құрметті меймандармен Бәйтерек ауданы әкімінің орынбасары Ерікқали Бисақаев, «Nur Otan» партиясы Бәйтерек аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Тілекбай Төлепқалиев және аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұржан Дүзбатыр бірге жүрді.

Ертай Бимұханов

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің

 Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале