10.01.2023, 20:30
Оқылды: 95

Парламент Сенатына үміткерлер - Теректіде

Бүгін Теректі ауданына Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына үміткерлер - Арман Өтеғұлов, Айболат Құрымбаев және Ақылбек Сұлтанов келіп, мәслихат депутаттарымен жүздесті.

IMG-20230110-WA0049

Жиында аудандық мәслихат хатшысы Әлжан Нұрғалиев:

IMG-20230110-WA0047

- 14 қаңтар күні Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау өтеді. Осы жылдың наурыз айында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Парламент палаталарының рөлін қайта қарауды ұсынды. Атап айтқанда, Сенатты қалыптастыру тәртібі мен функциялары қайта қаралады. Президент Сенаттағы президенттік квотаны 15-тен 10 депутатқа қысқартатынын, бұл ретте бес депутаттың кандидатурасын Қазақстан Халқы Ассамблеясы ұсынатынын мәлімдеді. Конституция бойынша Сенатқа әр облыстан, республикалық маңызы бар қалалардан және Астанадан екі депутат сайланады. 10 депутатты Президент өзі тағайындайды. Сенатта 50 депутаттық орын қарастырылған. Сонымен қатар Сенаттың жаңа шақырылымының өкілеттіктері кеңейтілетін болады. Жоғарғы палата Конституциялық сот және Жоғары Сот кеңесі төрағаларының лауазымдарына кандидатураларды келісетін болады, - деді.

IMG-20230110-WA0042

Депутаттармен кездесуде Парламент Сенаты депутаттығына үміткер Арман Өтеғұловтың сенімді өкілі Айдар Батырханов сөз алып, ауданымызда көп жылдар бойы қызмет еткен, әр ауылдың тыныс-тіршілігін бір кісідей білетін, елге еңбегі сіңген  азаматтың өмір жолы мен атқарған істері жайында баяндады. «AMANAT» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Мирхат Ибраев Парламент Сенаты депутаттығына үміткерлер - Айболат Шамұратұлы мен Ақылбек Ұзақбайұлының өмірбаянымен таныстырып, сәттілік тіледі.

IMG-20230110-WA0043

Жиында су қоймаларының жағдайын оңалту, жұмыссыз жандарды жұмыспен қамту, ауыл шаруашылығы, білім және медицина салаларындағы өзекті мәселелер талқыланды.

Теректілік депутаттар үміткерлерге жолдаған сауалдарына толық жауап алып, өз ұсыныстарымен бөлісті.

Балнұр Қанаева, 

Теректі ауданы, 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале