Ауыл-аймақтың әлеуетін арттырып, тұрғындардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартуға «Ауыл аманаты» партиялық жобасы үлкен көмек болмақ.
Жұмыссыздарға жұмыс беріп, оған қоса ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға да сеп болады. Ең төменгі (2,5) пайызбен берілетін ауыл шаруашылық несиені күткендердің де жобалары дайын, іске асыруға тұрғындар асығып отыр. Осы орайда, жақында Шыңғырау аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімінде бас қосқан шыңғырлаулықтар мен осы жобаға жауапты арнаулы маман бағдарламаның бүге-шігесіне дейін нақтылап, консультациялар берген болатын.
Азамат Тағаниязов,
«Amanat» партиясы Шыңғырлау аудандық
филиалының төрағасы