15.12.2023, 18:00
Оқылды: 38

Патриоттық жарыс басталды

Бөкей ордасы ауданындағы "Орда" спорт клубының ғимаратында Тәуелсіздік күніне орай "Болашақ ұрпақ-тәуелсіздік тірегі" атты патриоттық жарыс басталды.

IMG-20231215-WA0126

Спорттық сайыстың ашылуына аудан әкімінің орынбасары Кенесары Нұршинов, Ауған соғысының ардагерлері, Желтоқсан көтерілісінің куәгерлері, құзырлы орган өкілдері, жастар қатысып жатыр.

IMG-20231215-WA0128

- Тәуелсіздік баға жетпес асыл қазынамыз және оның қадірін жіті түсіну сіз бен бізге парыз. Егемендікке қол жеткізгелі еліміз әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан қарқынды дамыды. Көптеген сала бойынша жарқын жетістіктеріміз жетерлік. Әсіресе, жастар саясатын іске асыруда жүйелі де тиімді шаралар оңымен жүзеге асып келеді. Мемлекет тарапынан патриоттықты дамыту бағытында келелі шаралар атқарылып, көлемді бағдарламалар жасалып жатыр. Бүгінгі шарамыз соның айғағы,-деген аудан әкімінің орынбасары қатысушыларға сәттілік, тартысты ойын тіледі.

IMG-20231215-WA0129

Бұл сайысқа М-С. Бабажанов, М. Мәметова атындағы қос мектептің және Бөкей ордасы колледжінің  шәкірттері бақ сынады.

IMG-20231215-WA0132

Айта кетелік, қатысушылар автомат бөлшектеу және жинақтау, қол күресі, кермеге тартылу, эстафета, арқан тартыс сынды сайыстардан жарысқа түсті.

Жарыс қорытындысы бойынша М.Мәметова атындағы мектептің  "Қыран" командасы І орынды иеленді.

М-С.Бабажанов атындағы мектептің "Бүркіт 1" командасы ІІ орын алса,

Мәншүк мектебінің тағы бір "Жалын" атты командасы ІІІ орынды місе тұтты.

Ұйымдастырушылар тарапынан жеңімпаздарға дипломмен естелік сыйлықтар табысталды.

Арайлым Есмағұлова,

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

IMG-20231215-WA0141 IMG-20231215-WA0143 IMG-20231215-WA0144

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале