Кеше күндізгі сағат үш шамасында «Жәнібек» ҚР Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пунктінде оқ-дәрілерді құжатсыз жасырып өткізуге тырысқан 1981 жылы туған РФ азаматы Альбек Тукжанов ұсталды.
«Көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды тексеру» шекара жасағының басқаруымен «КамАЗ – 5410» маркалы көлік құралын тексерген кезде Жәнібек шекара бақылау бөлімшесінің аға нұсқаушысы, сержант Рүстем Хасенов көліктің салонынан Rubber 45 маркалы 4,5 калибрлі травматикалық 10 дана патрон тапты.
Аталған дерек бойынша аудандық полиция бөлімі хабарландырылды.
Гүлзара Мәди,
Жәнібек ауданы
zhaikpress.kz